2023 жылдың 14-17 қараша аралығында «Ақ ерке и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру бөлігінде мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен «Ақ ерке и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «Ақ ерке и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмады» деген қорытынды берілді.