2023 жылдың 31 шілдесі мен 4 тамызы аралығында «Айгерим-Ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен «Айгерим-Ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «Айгерим-Ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келуіне байланысты «аттестатталды» деген қорытынды берілді.