2023 жылдың 22-26 мамыр аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қаражан Топаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссияның шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қаражан Топаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмейтіні танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қаражан Топаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмаған» деген қорытынды берілді.