2023 жылдың 24-28 сәуір аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Урицкий мектеп-лицейі» КММ мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссияның шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Урицкий мектеп-лицейі» КММ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес келмейтіні танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Урицкий мектеп-лицейі» КММ білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмаған» деген қорытынды берілді.