2023 жылдың 06-09 маусым аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Аманқарағай «Бөбек» бөбекжайы» КМҚК мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Аманқарағай «Бөбек» бөбекжайы» КМҚК білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Аманқарағай «Бөбек» бөбекжайы» КМҚК білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келуіне байланысты «аттестатталды» деген қорытынды берілді.