2023 жылдың 22 – 26 мамыр аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» КММ білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Әулиекөл ауданы білім бөлімінің Сұлтан Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы» КММ білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келгендіктен «аттестатталды» деген қорытынды берілді.