2023 жылдың 17 - 21 сәуір аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Дружба негізгі орта мектебі» КММ мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Дружба негізгі орта мектебі» КММ білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қамысты ауданы білім бөлімінің Дружба негізгі орта мектебі» КММ білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмаған» деген қорытынды берілді.