2023 жылдың 13-17 наурыз аралығында «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесiн мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжі» мекемесiне білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келгендіктен «аттестатталды» деген қорытынды берілді.