2023 жылдың 20 - 24 ақпан аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный тау-кен-технологиялық колледжі» КМҚК мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный тау-кен-технологиялық колледжі» КМҚК білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келгендіктен «аттестатталды» деген қорытынды берілді.