2023 жылдың 23 - 27 қантар аралығында «ҚИнЭУ Кәсіпкерлік колледжі» ЖМ мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «ҚИнЭУ Кәсіпкерлік колледжі» ЖМ білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келгендіктен «аттестатталды» деген қорытынды берілді.