2023 жылдың 20-24 ақпан аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» КМҚК білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмаған» деген қорытынды берілді.