2023 жылдың 30 қантар - 3 ақпан аралығында «Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі» мекемесінің мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «Қазтұтынуодағы Арқалық көпсалалы колледжі» мекемесінің білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмады» деген қорытынды берілді.