2023 жылдың 10-16 қантар аралығында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов кәсіптік-техникалық» КМҚК білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмады» деген қорытынды берілді.