«Бекітемін»
Қостанай облысының білім
саласында сапаны қамтамасыз
ету Департаментінің басшысы
_____________А. Сураганова
«___» _______ 2023 жыл
Қостанай облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің
Әдеп жөніндегі уәкілінің 2023 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
| № п/п | Іс-шараның атауы | Орындау мерзімі | Аяқталу нысаны |
| 1 | Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін нығайту саласында азаматтық қоғам институтымен өзара іс-қимылы (мысалы, БАҚ-тағы жағымсыз жарияланымдарға мониторинг жүргізу, қызметтік автокөлікті пайдалану, еңбек жағдайын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу және т.б.) | үнемі |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК, МҚІА ақпарат ұсыну (тоқсан сайынғы есеппен қоса) |
| 2 | Аумақтарға шығу арқылы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізу, оның ішінде түсіндірмелер, сауалнама өткізу, қоғамдық резонанс тудыратын жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар, жеке қабылдау жүргізу. | кемінде тоқсанына бір рет |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК, МҚІА ақпарат (тоқсан сайынғы есеппен қоса) |
| 3 | Корпоративтік (ұжымдық) мәдениетті нығайту мақсатында жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілермен тиісті түсіндіру жұмыстарын (қызметтік әдеп нормаларымен, мекеменің ішкі тәртібімен, ұжымдық мәдениетпен және т.б. таныстыру) жүргізу | үнемі |
әңгімелесу жүргізу |
| 4 | Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалға талдау жүргізу, ұжымдағы жанжалды жағдайларды реттеу, мемлекеттік қызметшінің оңбейнесін қалыптастыру және оны жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу, шаралар қабылдау |
үнемі |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК, МҚІА ақпарат ұсыну (тоқсан сайынғы есеппен қоса) |
| 5 | Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыс тиімділігінің деңгейін анықтау үшін мемлекеттік органның интернет-ресурсында онлайн-сауалнама жүргізу |
шілде, желтоқсан |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК, МҚІА ақпарат(сілтеме мен скриншоттарды көрсете отырып) |
| 6 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Әдеп кодексі нормалары бұзушыларыңының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпаратты мемлекеттік органның кеңейтілген мәжілістерінде қарау үшін шығару (мемлекеттік орган, әкімдік басшылығының қатысуымен) |
жарты жылда 1 рет |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК, МҚІА (тоқсан сайынғы есеппен қоса) |
| 7 | Әлеуметтік желілердің әлеуетін тиімді пайдалану үшін Facebook, Telegram, Instagram және т.б. танымал әлеуметтік желілердегі парақшаларды жүргізу(профилактикалық сипаттағы әртүрлі материалдарды жариялау, жиі кездесетін сұрақтарға жауаптарды жариялау, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру үшін үздік жетістіктер мен үздік мемлекеттік қызметшілерді насихаттау және т.б.) | жыл бойы |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК, МҚІА (тоқсан сайынғы есеппен қоса) |
| 8 | Әдеп нормаларын бұзғаны және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жазаға тартылған мемлекеттік қызметшілер бойынша талдау жүргізіп, нәтижесінде осындай бұзушылықтарды келешекте болдырмау туралы мемлекеттік орган басшылығына ұсыныстар енгізу | тоқсан сайын |
мемлекеттік орган басшылығына тиісті ұсыныстар енгізу және ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК, МҚІА ақпарат ұсыну (тоқсан сайынғы есеппен қоса) |
| 9 | Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауына мониторинг жүргізу, көрсетілген құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау және алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдау (мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтары бойынша Құқықтық статистика орталығының деректерін талдау) | тоқсанына бір рет |
талдау нәтижесі бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК, МҚІА-ға ақпарат ұсыну (тоқсан сайынғы есеппен қоса) |
| 10 |
Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізу (уақытылы еңбек демалысына шығу, іссапар шығындарын уақытылы өтеу және т.б.) |
шілде, желтоқсан |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК, МҚІА ақпарат ұсыну |
| 11 | Мемлекеттік қызметтің оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқан қызметкерлер бейнесін ұжым алдында насихаттау (өзінің қызметтік міндеттерін атқаруда үздік жетістіктерге жеткен, қызметтік міндетерін адал және мінсіз орындаған, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға үлес қосқан және т.б.) | жыл бойы, мемлекеттік және кәсіби мейрамдар қарсаңында |
мемлекеттік орган басшылығына тиісті ұсыныстар енгізу және ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК, МҚІА ақпарат ұсыну (тоқсан сайынғы есеппен қоса) |
| 12 |
Еңбек тәртібін сақтау бойынша талдау жүргізу (әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуын қамтамасыз ету/қадағалау),заңсыз үстеме жұмыс жасау фактілерін болдырмау бойынша тиісті шаралар қабылдау, бұзушылықтар анықталған жағдайда уәкілетті органға мәлімет жолдау |
жыл бойы |
ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК МҚІА ақпарат ұсыну (тоқсан сайынғы есеппен қоса) |
Әдеп жөніндегі уәкіл (функцияларды жүктеу) Ж. Нукеева
Пайдаланылған қысқартулар:
ҚР Оқу-ағарту министрлігі – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі
ҚР Оқу-ағарту министрлігі БССҚК - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті;
МҚІА – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі;
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары.