2023 жылдың 27-31 наурыз аралығында «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесін мемлекеттік аттестаттауы өткізілді.
Аттестаттау комиссиясының шешімімен колледждің білім беру қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес емес деп танылды.
Мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары колледжі» мекемесін білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмегендіктен «аттестатталмаған» деген қорытынды берілді.