Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің
2025 жылғы 3 тоқсандағы қызметі туралы есебі
Кадрлық жұмыс (құрылымы, штат саны, қызметкерлердің сапалық құрамы, бос жұмыс орындары, функцияны бөлу).
Департаменттің штат саны 10 қызметкерді құрайды, оның ішінде 8 – мемлекеттік қызметші, 2 – шарт бойынша жұмыс істейтіндер.
Департамент құрылымы:
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Департамент қызметкерлерінің нақты саны 9 адам, 8 мемлекеттік қызметші, 1 – шарт бойынша жұмыс істейтін (бос орын – хатшы).
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарды атқаратын мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына жауап береді. Лауазымдық міндеттері басшының 2023 жылғы 8 қарашадағы № 447 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен келісілген біліктілік талаптарына сәйкес бөлінген.
Ағымдағы жылы 1 – кестеге сәйкес мемлекеттік қызметші біліктілігін арттыруға (лицензиялау бөлімінің басшысы), 1-қайта даярлауға (мемлекеттік лауазымға алғаш тағайындалған) жатады.
Мемлекеттік бақылау (мемлекеттік аттестация, профилактикалық бақылау, жоспардан тыс тексерулер)
2025 жылдың 3 тоқсанында Қостанай облысының 32 орта білім беру ұйымында мемлекеттік аттестация жүргізілді, олардың ішінде 14 ұйым аттестатталды, 18 ұйым аттестатталмады. Мемлекеттік аттестацияның қорытындысы бойынша білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталмау фактілері анықталды, атап айтқанда: педагогтердің бейіндік білімі бойынша сәйкессіздігі; педагогтердің сапалық құрамының төмен үлесі; оқу кабинеттерінің жеткіліксіз материалдық-техникалық жабдықталуы; біліктілікті арттыру курстарынан өту мерзімдерінің бұзылуы; ұлттық білім беру деректер қорына (ҰБДҚ) енгізілетін мәліметтердің дәл еместігі; оқу пәндерінің мазмұнының типтік оқу бағдарламаларына сәйкессіздігі; ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған оқу процесін ұйымдастырудағы кемшіліктер; тәрбие жұмысы мен таңдау курстары мен вариативтік компонентті іске асырудағы бұзушылықтар.
2025 жылдың үшінші тоқсанында Қостанай облысы бойынша білім беру сапасын қамтамасыз ету департаменті тарапынан 5 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, олардың барлығы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізілген.
Тексеру нәтижелері бойынша типтік қызмет ережелерінің бұзылуы анықталып, 1 әкімшілік іс қозғалды және ол сот органдарына жолданды.
Сонымен қатар, Қамысты ауданының білім бөліміне жоспарлы тексеру жүргізілді. Нәтижесінде білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактілері анықталып, жоспарлы тексерудің қорытындысы бойынша қорытынды акт берілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету.
2025 жылдың 3 тоқсанында 125 мемлекеттік қызмет көрсетілді. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру, кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтері саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде 7 мемлекеттік қызмет көрсетілді (1-білім беру қызметіне лицензия және лицензияға қосымша берілді, 6-лицензияны қайта ресімдеу және лицензияға қосымшалар жасалды).
Білім беру ұйымдарынан шығатын 118 ресми құжатқа апостиль қойылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сол мақсатта 4 іс – шара өткізілді, 33 адам қамтылды.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қостанай облысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 477 ұйымы өз қызметін жүзеге асырады: 174 балабақша (113 мемлекеттік, 61 жеке), 303 шағын орталық (298 мемлекеттік, 5 жеке), 350 мектепалды даярлық сыныптары. Барлық ұйымдар хабарлама тәртібін сақтайды.
Мониторингтік қызмет
2025 жылдың 3-тоқсаны ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім сапасын қамтамасыз ету комитеті төрағасының тапсырмасын орындау аясында білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг, Бірыңғай педагогикалық кеңестің өткізілуіне мониторинг, Қостанай облысындағы білім беру ұйымдарына жеткізуді (оқушыларды тасымалдауды) ұйымдастыруға мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында жөндеу жұмыстарының барысы, материалдық-техникалық базаның жаңартылуы, мектепішілік құжаттама зерделенді. Мониторинг қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарының басшыларына және жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
2025 жылдың 3 тоқсанында 54 өтініш түсті. Департаментпен 29 өтініш қаралды, оның ішінде 3 өтініш – әкімшілік рәсім тәртібімен (2 жағдайда қолайлы әкімшілік акт қабылданды, 1 жағдайда – ауыртпалық). Жеңілдетілген әкімшілік рәсім тәртібінде 14 өтініш қаралды. Құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға 34 өтініш жолданды. 12 өтінішті қарау тоқтатылды. Қайта жіберу мерзімдері мен мерзімдерді бұзу фактілері жоқ.
Мемлекеттік сатып алулары.
2025 жылға мемлекеттік сатып алу көлемі 4 508,2 мың теңгені құрады. 2025 жылы мемлекеттік сатып алу баға ұсыныстарын сұрату және өтпеген тендерлер бойынша бір көзден сатып алу тәсілімен жүргізілді. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жалпы саны 26 болды.
Бюджетті дамыту.
Департаментті ұстауға 2025 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес 99 790,6 мың теңге бөлінді, оның ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз етуге 99 550,0 мың теңге және ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және біліктілігін арттыруға 240,6 мың теңге бөлінді.
2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша кассалық шығыстар 64 355,8 мың теңгені құрады (бюджет қаражатының игерілуі 98,0%).