«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Қостанай облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Департамент) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» электронды мемлекеттік қызметін көрсету «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 483 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету Қағидалары және стандарты негізінде іске асырылады.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі заңды тұлғаларға электрондық үкімет порталы арқылы іске асырылады. 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет 2 заңды тұлғаға көрсетілген.
2024 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуге ешқандай заңды тұлғаға бас тартылды.
2024 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімдердің бұзылуы болмады.
Есеп беру мерзімде қызмет алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар тіркелмеді.
Нәтижесінде қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданған бұзушылықтар анықталған жоқ
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша-3 іс-шараны құрады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту бойынша 2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша 21 адамды құрады.
22-тармақта «Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар саны» «-» белгісі қойылды, өйткені 2024 жылғы 1 тоқсанда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен қызметкерлер жоқ.