
Ұстаз болу - ұлылықтың ұлысы. Ұстазды ұлықтау, оның ұлт тәрбиесі жолындағы ерен еңбегін бағалап, мерейін өсіру маңызды.
Осыған орай Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінде еліміз бойынша «Социалистік Еңбек Ері», «Қазақстанның Еңбек Ері» жоғары атақтарына ие болған ардақты ұстаздарға арналған «Ұлт келбеті - ұстаздар» атты галерея ашылды.
Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады.
Ұлағатты ұстаздарымыз - тек білім беруші ғана емес, қоғамның рухани көшбасшысы, ұрпақтың тәрбиешісі, ұлттық болмыс пен құндылықтардың сақтаушысы және дәріптеушісі ретінде ұлттық білім беру жүйесіне өздерінің өшпес ізін қалдырған тұлға ретінде белгілі.
Осындай мамандардың ерен еңбегінің арқасында елімізде мұғалімге деген құрметтің артатындығын жеткізу біздердің парызымыз.
Сондықтан шәкірт тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбектері жоғары бағалауға, аса құрметке лайықты!
Осы педагогтеріміздің білім саласы үшін сіңірген еңбегі халқымыздың есінде мәңгілік сақталады деп сенеміз.
https://www.instagram.com/reel/DCQpG0tNef_/?igsh=MW50ZnNzbnl5Y3RqaQ==