Департамент жанынан құрылған Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Департамент жанынан құрылған Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Департамент жанынан құрылған Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңес  Департамент, білім басқармасы, "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, білім беруді дамыту орталығының басшылары, кәсіподақ өкілдері, білім саласына еңбек сіңірген демалысқа шыққан педагогтер, "Үздік педагог" атағының иегері және білім беру ұйымдарының педагог-зерттеуші, педагог-шебер санатты педагогтерінен құралған, барлығы 11 адамнан тұрады.

 

Кеңесте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінен келіп түскен ұсыныс хатқа сәйкес Ақтоғай, Бұқар жырау, Шет аудандарының 3-педагогінің педагогикалық әдеп нормаларының бұзу мәселесі қаралды.  Академиялық әділетсіздік танытуға мүмкіндік бермейтін академиялық орта құру педагогтік қызметке қойылатын басты талаптардың бірі.

Кеңес мүшелері педагогтерге «академиялық адалдық» принциптерін бұзу - тәртіптік теріс қылық жасау болып саналатынын түсіндірді.

 

Педагогтердің назарына!!!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидаларының» 7-тармағына сәйкес педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта өз қызметінде академиялық адалдық принциптерін мүлтіксіз сақтайды. Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 5-бабына сәйкес педагогтік әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және педагогті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жауаптылыққа алып келеді.