
Бүгін, 24 мамырда, өңіріміздің барлық мектептерінде 2023-2024 оқу жылын қорытындылау мақсатында «Білімім – Отаныма» тақырыбында жалпыреспубликалық тәрбие сағаты өткізілді. Департаменттің маманы А.Бакишева Қарағанды қаласындағы №1 гимназиясының оқу жылын қорытындылау рәсіміне қатысты.
Тәрбие сағаты барлық сыныптарда Әнұранмен басталды. Білім алушылар мен педагогтерді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев видеоролик арқылы арнайы құттықтады.
Одан әрі әрбір сыныпта 2023-2024 оқу жылындағы оқушылардың мәдени-танымдық, шығармашылық, спорттық, ғылыми бағыттардағы, білім додасындағы қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі конкурс, олимпиадаларға қатысуы бойынша жетістіктері насихатталды.
Сонымен қатар 9, 11 сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларымен эссе жазу арқылы бөлісті.