
«Педагог мәртебесі туралы» ҚРЗ іске асыру шеңберінде педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік-кеңесші органның 5 отырысы өткізілді, онда педагогикалық әдеп нормаларын бұзу мәселелері қаралды, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағаларының есептері, педагогтердің құқықтарын қорғау құқықтары бойынша жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері тыңдалды.
Білім беру ұйымдарында әдеп жөніндегі кеңестердің қызметін ұйымдастыруға мониторинг жүргізілді. Мониторинг педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер облыстың барлық білім беру ұйымдарында жұмыс істейтінін, тоқсан сайын әдеп жөніндегі кеңестердің отырыстары өткізілетінін көрсетті.
Алайда, әдеп жөніндегі кеңес құрамы мүшелерінің педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларында айқындалған талаптарға сәйкес келмеу фактілері анықталды, кеңес төрағасы лауазымы деңгейінде білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі құрылған кеңестері құрамының талаптарына сәйкес жинақтауға ішкі бақылау жүргізу, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер құрамына кәсіподақ мүшелерін міндетті түрде тарту және оларды қарау туралы білім бөлімдеріне ұсынымдар берілді.
2023 жылғы 10 қыркүйекте Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№ 5 қосымша білім беру мектебі-орталығы» КММ-де резонанстық жағдайды тудырған әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба бойынша ККО-нің кезектен тыс отырысы мектепке барып өткізілді. Отырыста педагог тарапынан педагогикалық әдеп нормаларын бұзу фактісі расталды және ККО ұсынысы бойынша педагог тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, педагогикалық әдеп нормаларын және лауазымдық міндеттерін бұзудың анықталған фактілерінің қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестер төрағаларының атқарылған жұмыстар мен қабылданған шаралар туралы есептері тыңдалды.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып педагогтердің еңбегіне уақытылы ақы төлеу, әлеуметтік қорғау, аттестаттау, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын орындау мәселелері бойынша сұрақтары да шешілуде.
Сонымен қатар «Бұқар жырау ауданының білім бөлімі» ММ-нің хабарлауы бойынша білім беру ұйымының директоры ҚР ӘҚБтК 409-бабының 7-3-бөлігі бойынша педагогтерді кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартқаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жазаға тартылды. Директордың педагогтерге қатысты заңсыз әрекеттері педагогтардың құқықтарын қорғау жөніндегі консультативтік-кеңесші органның отырысында қаралды.
Педагогтердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ККО жұмысы жалғастырылатын болады.