Білім беру қызметін лицензиялау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің басталғаны туралы хабарлама жасау тәртібі, лицензиясыз және ескертусіз қызмет.

Білім беру қызметін лицензиялау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің басталғаны туралы хабарлама жасау тәртібі, лицензиясыз және ескертусіз қызмет.

12 айда барлығы 81 өтініш келіп түсті, олар қаралды, 29 желтоқсандағы жағдай бойынша, оның 53-і (65,4%) қанағаттандырылды, 28 (34,6%) өтініш бойынша бас тартылды.

Берілген лицензиялар саны - 5, оның ішінде ТжКББ-2 (түзеу мекемесі жанындағы мемлекеттік), мектеп – 3 (бір жеке-меншік, екі мемлекеттік).

Лицензияға берілген қосымшалардың саны - 14 (ТжКББ-10, мектеп – 4)

Қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша - 34 (ТжКББ - 21, мектеп – 13).

Лицензияларды және/немесе лицензияға қосымшаларды беруден бас тартудың негізгі себептері:

- ҚР МЖМС және ТОЖ талаптарына ЖОБ сәйкес келмеуі;

-педагогикалық және оқытушылық кадрлармен жасақталғандығы туралы, әрбір объектіге (оқу корпусына, тамақтандыру объектісіне,жатақханаға) санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының, әрбір объектіге (оқу корпусына,) өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың болуы туралы, материалдық-техникалық базаның болуы туралы; оқу әдебиеті қорының болуы туралы толық емес не анық емес мәліметтерді ұсыну;

- мәлімделген біліктілік бойынша оқытудың толық кезеңін қамтымайтын практика базасы ретінде айқындалған ұйымдармен шарттар ұсыну;

- педагогтердің оқытылатын пәндер бейініне, сондай-ақ бейіні бойынша соңғы 3 жылда көлемі 36 сағаттан кем емес ұйымдарда және/немесе өндірісте тағылымдамадан өткен өндірістік оқыту шеберлеріне білім берудің сәйкестігі бойынша ұсынылған мәліметтердің талаптарына сәйкес келмеуі.

Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды қайта ресімдеуден бас тартудың негізгі себептері:

- лицензиялық алымды төлеу туралы түбіртекті ұсынбау;

- қайта ресімдеуге негіздің болмауы.

Қызметті тоқтату себебі бойынша 20 (мемлекет. - 18, жеке- меншік- 2) ТжКББ ұйымдары 91 біліктілік (75 мамандық) бойынша, 2 бастауыш мектеп бойынша лицензиялар және лицензияға қосымшалар қайтарылды.