
Білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтарға сәйкес білім бөлімдерінің басшылары мен жауапты мамандарына жалпыға бірдей құқықтық оқыту мақсатында түсіндірме жиыны өткізілді. Департамент басшысы Ш.К.Акпарова мемлекеттік бақылау іс-шараларының жаңа форматтарына түсінік бере отыра, білім беру саласындағы заңнамаларды бұзушылықтар бойынша тәуекелдердің алдын алу туралы ұсыныстарын берді.
Түсіндірме жиынында 2024 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдары туралы және бару арқылы профилактикалық бақылау тізімінің қалыптастырылуының ерекшелігі туралы айтылды.
Сонымен бірге Мемлекет басшысының кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу cаясаты туралы тапсырмасы шеңберінде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Кәсіпкерлік кодекс нормаларының негізінде енгізілген тексерудің жаңа нысаны – білім беру қызметінің біліктілік талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер туралы да түсіндірілді.
Бару арқылы профилактикалық бақылау мен біліктілік талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулерге жататын ұйымдардың тізбесі автоматтандырылған жүйелерден қалыптастырылуы басты ерекшелік болып табылады.
Осыған сәйкес білім бөлімдерінің басшыларына білім беру ұйымдарының ҰБДҚ мәліметтерінің шынайы әрі, сапалы толтырылуын бақылауға алу және білім беру ұйымдарының назарына жеткізу бойынша ұсынымдар берілді.