
Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ш.К.Акпарова 13 қыркүйекте облыстың білім беру ұйымдарының басшыларымен "Zoom" платформасы арқылы онлайн форматта түсіндірме жиынын өткізді.
Түсіндірме жиынында білім беру процесін ұйымдастыру процесінде резонанстық жағдайлардың алдын алуға бағытталған жедел іс-шараларды қабылдауға ерекше көңіл бөлінді.
Сонымен қатар Департамент басшысы соңғы кездері әлеуметтік желілерде білім беру жүйесіне қатысты резонанстық жағдай тудыруға себеп болатын өзекті тақырыптарға тоқталып өтті:
білім беру ұйымындағы ыстық тамақты ұйымдастыру;
оқушыларды білім беру ұйымына қауіпсіз тасымалдауды ұйымдастыру;
педагогтерге оқу жүктемесін бөлу (вариативті компонент, инвариантты компонент);
білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары;
мектептердегі гардероб жұмысын ұйымдастыру;
санитарлық тораптардың талаптарға сәйкестігі (ішкі дәретханалардың жұмыс істеуі);
мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
педагогикалық әдептің сақталуы;
білім беру ұйымының жылыту маусымына дайындығы;
буллинг мәселелерін болдырмау;
дене шынықтыру сабақтарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдары басшыларына педагогтерге уақытылы жалақы төлеу керектігі ескертілді.
Жиын соңында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 21.02.2012 жылғы "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" №57 бұйрығына сәйкес педагог лауазымдарына бос немесе уақытша бос орындарына өткізілетін конкурс тәртібіне қатысты сұрақтарға жауап берілді.