Консультативтік-кеңесші органның отырысы

Консультативтік-кеңесші органның отырысы

12 қыркүйекте Қарағанды қаласының №5 мектебінде орын алған резонанстық жағдайға байланысты Департамент басшысы Ш.К.Акпарова, білім басқармасының басшысы Г.Ш.Кожахметова, Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы Е.М.Әшім және "Әділдік жолы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының басшысы Р.Ф.Танишпеков педагогикалық ұжыммен кездесіп, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал, педагогикалық әдеп нормаларына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуден кейін Департамент жанынан құрылған Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті. Кеңесте әлеуметтік желілерде жарияланған жазба негізінде орын алған резонанстық жағдайға байланысты сынып жетекшісінің педагогикалық әдеп нормаларын бұзғаны туралы іс-әрекеті қаралды. Педагог өз тарапынан балалармен әңгімелесу кезінде дұрыс түсінік қалыптастыра алмағанын түсіндіріп, жіберілген іс-әрекеті үшін қарастырылатын жауаптылықпен келісетінін айтты. Консультативтік-кеңесші органның шешімімен мектеп директорына ҚР еңбек заңнамасына сәйкес педагогке тәртіптік жаза шараларын қолдану ұсынылды.