Педагогтер басқа мемлекеттік білім беру ұйымдарының барлығына бос немесе уақытша бос лауазымдарына (шағын жинақты мектептерді қоспағанда) конкурс негізінде тағайындалады. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларында (ҚР БҒМ-нің 21.02.2012 жылғы № 57 бұйрығы) айқындалған тәртіпте жүргізіледі.
Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық , қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы мәліметтердің болуы не болмауын анықтау туралы құзырлы органдарға сұрау салады.
Бұған дейін мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтік әдеп нормаларының сақталуына сұрау салуды Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне жолдайтын еді. Естеріңізге сала кетейік, Ереженің 121-тармағына енгізілген соңғы өзгерістерге байланысты сұрау салуды білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаментке жолдау қажет.