
Қарағанды қаласының "Еркетай" бөбекжайына мемлекеттік аттестаттау бармай профилактикалық бақылау нысанында жүргізілді. Комиссия бөбекжайдың білім беру қызметінің мемлекеттік білім беру стандарты талаптарына сәйкестігін тексерді. Білім беру саласындағы заңнама бұзушылықтары анықталуына байланысты "аттестатталмады" деген қорытынды берілді.
Департамент маманы "Еркетай" бөбекжайының мамандарының қатысуымен онлайн форматта жиын өткізді. Жиында бұзушылықтарды жою бойынша қабылдану керек шаралар туралы түсіндіріліп, бағыттар беріліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта бөбекжай анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұзушылықтар жою мерзімі өткен соң, қайта мемлекеттік аттестаттау рәсімі жүргізілетін болады.