Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы

Бүгін облыстық білім басқармасының басшысы Г.Ш.Кожахметованың төрағалығымен білім бөлімдерінің, балабақшалардың басшыларының қатысуымен онлайн форматта жиын өтті. Жиынға Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ш.К.Акпарова қатысып, "Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы" тақырыбында сөз сөйледі. Департамент басшысы мемлекеттік аттестаттау қорытындысы бойынша жіберілген кемшіліктер туралы сөз қозғап, бұзушылықтарды жою бойынша бірқатар ұсынымдар берді. Білім бөлімдері басшылары мен балабақша өкілдерінің сауалдарына жауап беріліп, мемлекеттік аттестаттаудың маңыздылығы туралы түсіндірме жүргізілді.