
Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласының мамандарымен қала сыртындағы лагерлердің жұмысына мониторинг жүргізуде. Мониторингтік топ Қарқаралы ауданында орналасқан “Арселор Миттал” АҚ-ның "Романтик" сауықтыру лагеріндегі балалардың жазғы демалысын өткізуіне жасалған жағдайларымен танысты. "Романтик" жазғы сауықтыру лагерінің жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылған және тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау, денсаулықты сақтау тәртібін ұйымдастыру, балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған.