"Жас даурен" сауықтыру лагерінің жұмысына мониторинг жүргізу

"Жас даурен" сауықтыру лагерінің жұмысына мониторинг жүргізу

Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласының мамандарымен қала сыртындағы лагерлердің жұмысына мониторинг жүргізуде. Мониторингтік топ Қарқаралы ауданында орналасқан “Жас дәурен" сауықтыру лагеріндегі балалардың жазғы демалысын өткізуіне жасалған жағдайларымен танысты. Сауықтыру лагерінде "Таңшолпан" өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы мен "Асем" балалар үйінің тәрбиеленушілері жазғы демалысын өткізуде. "Жас дәурен" жазғы сауықтыру лагерінің жұмыстары жылдық жоспарға сәйкес ұйымдастырылды және тәрбиеленушілердің өмірін және денсаулығын қорғау, денсаулықты сақтау тәртібін ұйымдастыру, балалардың танымдық қызығушылығын дамытуға бағытталған.