Жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысына мониторинг жүргізу

Жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысына мониторинг жүргізу

Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласының мамандарымен қала сыртындағы лагерлердің жұмысына мониторинг жүргізуде. Мониторингтік топ Теміртау қаласында орналасқан “Арселор Миттал” АҚ-ның "Факел" сауықтыру лагеріндегі балалардың жазғы демалысын өткізуіне жасалған жағдайларымен танысты. Сауықтыру лагерінде 3 маусымда 622 бала жазғы демалысын өткізген. "Факел" жазғы сауықтыру лагерінің іс-шаралары демалушы балаларды ұлттық тәрбие, патриоттық сезім, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған.