
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың 10-24 шілде аралығында Қарағанды облысының 7 ауданы мен 6 қаласында орналасқан 413 жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының 2023-2024 оқу жылына дайындық деңгейін анықтау мақсатында бару арқылы мониторинг жүргізілуде.
Аталған мониторингтік топқа департамент қызметкерлері мен “Өрлеу” біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалының қызметкерлері және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қызметкерлері тартылды.
Мониторинг барысында білім беру ұйымдарындағы интернеттің жылдамдығы, қауіпсіздік (бейнебақылау, лицензияланған күзет, турникет, дабыл түймесі), жылы санитарлық тораптар (ішкі әжетханалар), спорт залдары, спорттық жабдықтаулар, асханалар, жаңадан алынған пәндік кабинеттер (химия, биология, физика), робототехника кабинеттері сияқты мәселелер қамтылып жатыр.