
Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне мемлекеттік органнан Бұқар жырау ауданына қарасты білім беру ұйымының әкімшілігі тарапынан педагогтерді күрделі жөндеу жұмыс түрлеріне тарту жүргізілетіні туралы жазбаша хабарлама келіп түсті. Аталған жағдайды мемлекеттік орган білім беру ұйымына тексеру жүргізу нәтижесінде анықтаған және деректер педагогтермен расталған.
Педагогтерді кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту Қазақстан Республикасының "Педагог мәртебесі туралы" Заңын бұзу болып табылады. Осындай заң бұзушылыққа жол бергені үшін Бұқар жырау ауданының білім беру ұйымының директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мұғалім оқушыға тек білімді ғана емес, сонымен бірге әр оқушының мінез-құлқының қалыптастырылуына ықпал етеді. Сондықтан мұғалімдер тек білім беру қызметімен және жас ұрпақты тәрбиелеумен айналысуы тиіс.
Құрметті педагогтер! Егер сіздерді өздеріңіздің кәсіптік міндеттеріңізбен байланысты емес жұмыс түрлеріне тарту немесе қаражат жинау фактілері болса, Департаментке төмендегі жедел желі телефон нөмірлеріне хабарласа аласыздар: + 7 (7212) 50-25-11, +7 (7212) 41-20-15.
Ұялы телефон: Басшы - +7 7057691671, басшының орынбасары - +7 7782808306