2023 жылға мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру беру ұйымдарының тізбесіне сәйкес қаңтар-наурыз айларында 35 колледжде (25 мемлекеттік, 10 жеке меншік) және 1 мектепте мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
Мемлекеттік аттестаттаудың қорытындысы бойынша 12 колледж алғашқы аттестаттаудан өтсе, 23 колледж және 1 мектеп мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты алғашқы мемлекеттік аттестаттаудан өтпеді.
Аттестаттау жүргізілген мекемелерде кездесетін негізгі кемшіліктер: жұмыс оқу жоспарлары техникалық және кәсіптік білімнің оқу жоспарының үлгілерін бұза отырып әзірленген, оқу жоспарының барлық пәндері және (немесе) модульдері бойынша жұмыс оқу жоспарлары толық әзірленбеген, жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі дұрыс анықталмаған, әрбір оқу жылына арналған міндетті оқу көлемі және оқу нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау дұрыс жоспарланбаған.
Білім туралы заңының 59-бабының 8-13) тармағына сәйкес білім беру ұйымдарын қайта аттестаттау ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларына белгіленген.