Педагогтердің әдебі мен құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Педагогтердің әдебі мен құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

2026 жылғы 7 қазанда Департаментте педагогикалық әдеп нормаларын сақтау және тәртіптік бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс семинар-кеңесі өтті. Жұмыс кездесуіне «Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмагуль Айтказыевна Ракишева Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Қарағанды облыстық ұйымының құқықтық инспекторы Татьяна Петровна Миллер қатысты.

 

Негізгі талқыланған мәселелер:

• Тәртіптік істерді қараудың құқықтық механизмдері;

• Педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

• Педагогтердің біліктілігіне қойылатын талаптар;

• Кәсіподақ ұйымдарының рөлі және әдеп бұзушылықтың алдын алу.

 

Кездесу қорытындысы бойынша педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру және тараптар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде бірлескен қадамдар белгіленді.