Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Мұғалімдер күніне орай Қарағанды өңірінде өткен салтанатты іс-шарада білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі мен мінсіз еңбегі үшін Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Бакишева Алия Бигазиевна Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды!

Алия Бигазиевнаны осы мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің мол тәжірибеңіз, кәсіби біліктілігіңіз бен жауапкершілігіңіз — ұжымымыз үшін қашан да үлкен мәртебе. Өзіңізге мықты денсаулық, сарқылмас қуат және алдағы уақытта жаңа табыстар тілейміз!