Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2024 жылдағы қызметі туралы есебі

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ

2025 жылға 249 білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттау өткізу жоспарланды, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында - 41 (мемлекеттік-12, жеке меншік-29), орта білім беру ұйымдарында - 208 (мемлекеттік-208).

249 білім беру ұйымының 10 білім беру ұйымында (бастауыш мектеп-8, мектепке дейінгі ұйым-2) ұйымның таратылуы және жабылуына байланысты мемлекеттік аттестаттау өткізілмеген.

2025 жылдың соңында мемлекеттік аттестаттау 239 (100%) білім беру ұйымдарында, оның ішінде 39 (100%) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында, 200 орта білім беру ұйымдарында (100%) өткізілді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың 39 ұйымының 8-і (20,5%) бірінші реттен аттестаттау комиссиясының оң қорытындысын алды, 31 (79,5%) аттестатталмады.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өтпеу себептері:

- мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының талаптарын бұзу, жас бойынша топтардың толымдылығының сәйкес келмеуі бөлігінде;

- педагог лауазымын атқаратын лауазымы бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі жоқ тұлғалар атқаруында;

- педагогтердің біліктілік санаттарының деңгейін уақтылы көтермеу/растау;

-оқу-тәрбие процесінің перспективалық жоспарлары мен циклограммалары тәрбиеленушілердің жасын ескерусіз әзірленген.

200 орта білім беру ұйымының 12-сі (6%) бірінші реттен аттестаттау комиссиясының оң қорытындысын алды; 188-і (94%) аттестатталмады.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өтпеу себептері:

- біліктілік талаптарын бұзу, атап айтқанда edu.kz аймақта үшінші деңгейдегі домендік атаудың, бастауыш сынып оқушыларының жеке пайдалануына арналған шкафтардың болмауы, біліктілікті арттыру курстарынан уақтылы өтпеуі, педагогтердің сапалық құрамы белгіленген нормадан төмен болуы, тиісті бейін бойынша арнайы педагогикалық білімі жоқ тұлғалар педагогикалық қызметпен айналысуға жіберілгені;

- МЖМС талаптарын бұзу: «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері», «Жол қозғалысы ережелері» оқу курстары толық көлемде іске асырылмаған;

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды оқыту кезінде инклюзивті білім беру талаптары орындалмайды (бейімделген оқу бағдарламалары ұсынылмаған, ПМПК қорытындысымен ұсынылған білім алушылармен түзету жұмыстары ұсынылмаған және т. б.);

- жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың даярлық деңгейін бағалау нәтижелері МЖМС талаптарына сәйкес келмеуі (рұқсат етілген нормаға сәйкес келмейді, яғни 40% - дан төмен).

 

2024 жылдың қорытындысы бойынша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету

 

 

Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, біліктіліктер бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.

 Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб порталы арқылы жібереді.

Лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – үш жұмыс күнінен кешіктірмей; заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.

 2024 жылдың қорытындысы бойынша лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге берілген барлық өтініштердің саны -66. Оның ішінде: берілген -33 (лицензия-3, лицензияға қосымша-10, лицензия және (немесе) лицензия қосымшасын қайта ресімдеу-23); бас тартылған – 30.  

 

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсету

 

Қарағанды облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылы апостиль қоюға – 647 өтініш қарастырылды, оның ішінде 136 өтініш бойынша бас тартылды.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартудың негізгі себептері: білім туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынбау, ақпараттық деректемелерін дұрыс көрсетпеуі, төлемнің болмауы.

         511 өтініш  қанағаттандырылды, оның ішінде  жоғары оқу орнының дипломы-5(2023 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі өтініштер бойынша), техникалық және кәсіптік білім туралы диплом-113, жалпы орта білім туралы аттестаттар-257, негізгі орта білім туралы аттестаттар-50, табельдер-57, басқа құжаттар-29. 

Шет елдерге бару бойынша жеке тұлғалардың білімі туралы құжаттарына апостиль қойылды: Чехия – 96 (18,8%), Түркия – 90 (17,6%), Корея – 72 (14,1%), Италия – 55 (10,8%), Германия – 52 (10,2%), Польша – 31 (6,1%), Славакия – 52 (4,9%), Греция – 17 (3,3%), Австрия – 13 (2,5%), Испания – 11 (2,2%), Беларуссия – 10 (2,0%), Словения – 6 (1,2%), басқа елдер – 23 (4,5%).

 

Дата публикации
20 января 2025