Қарағанды облысының білім сапасын қамтамасыз ету департаментінің әдеп жөніндегі уәкілінің қызметі этикалық стандарттарды нығайтуға, қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға, мемлекеттік қызметшінің жағымды имиджін қалыптастыруға және оның жұмысының өнімділігін арттыруға бағытталған.
Есептік кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілерге жеке кеңес беру көмегі көрсетілді. Мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған қызметшілерге жеке кеңес беру көмегі, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша дәрістер мен семинар өткізілді.
Қызметтік әдеп нормаларын сақтау және Департамент ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуалды бақылау мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 156 бұйрығына қосымша 2-ге сәйкес әдеп жөніндегі уәкілдер жүргізетін анонимді сауалнама нысаны бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері Департамент ұжымында тұрақты және қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптасқанын көрсетті. Анонимді сауалнамаға 7 қызметкер қатысты.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысу жүзеге асырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша, соның ішінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Департаментінің қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің қызметкерлерін шақырумен кеңестер өткізілді.