Қарағанды облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылы апостиль қоюға – 647 өтініш қарастырылды, оның ішінде 136 өтініш бойынша бас тартылды.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде бас тартудың негізгі себептері: білім туралы құжаттың түпнұсқасын ұсынбау, ақпараттық деректемелерін дұрыс көрсетпеуі, төлемнің болмауы.
511 өтініш қанағаттандырылды, оның ішінде жоғары оқу орнының дипломы-5(2023 жылғы 30 желтоқсанға дейінгі өтініштер бойынша), техникалық және кәсіптік білім туралы диплом-113, жалпы орта білім туралы аттестаттар-257, негізгі орта білім туралы аттестаттар-50, табельдер-57, басқа құжаттар-29.
Шет елдерге бару бойынша жеке тұлғалардың білімі туралы құжаттарына апостиль қойылды: Чехия – 96 (18,8%), Түркия – 90 (17,6%), Корея – 72 (14,1%), Италия – 55 (10,8%), Германия – 52 (10,2%), Польша – 31 (6,1%), Славакия – 52 (4,9%), Греция – 17 (3,3%), Австрия – 13 (2,5%), Испания – 11 (2,2%), Беларуссия – 10 (2,0%), Словения – 6 (1,2%), басқа елдер – 23 (4,5%).