2024 жылдың 1 тоқсаны бойынша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету
Қарағанды облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, біліктіліктер бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, біліктіліктер бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб порталы арқылы жібереді.
Лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей; лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – үш жұмыс күнінен кешіктірмей; заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару, бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу – 30 жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
2024 жылдың бірінші тоқсанында лицензиялар және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге берілген барлық өтініштердің саны -17. Оның ішінде: берілген -10; бас тартылған – 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу болған жоқ.