2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ТАЛДАУ (2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ).

2023-2029 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ЖОЛ КАРТАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ БОЙЫНША ТАЛДАУ (2023 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ).

Қарағанды облысының 2023 - 2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту жөніндегі өңірлік жол картасы 8 бағыт бойынша 71 іс-шараны (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, орта білім беру, білім беру сапасын бағалау, инклюзивті білім беру, бала құқықтарын қорғау, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат) көздейді.

2023 жылға 65 іс-шара жоспарланды, оның 47-сі орындалды, 5-і ішінара орындалды, 13-і орындалған жоқ.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейі бойынша 2023 жылға жоспарланған бес нысаналы индикатордың 4-уіне қол жеткізілді,

«Жаңа мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы» пункті ішінара орындалды (Осакаров ауданының жалпы білім беретін мектебінде 20 орындық шағын орталық ашылды).

2023 жылға жоспарланған 9 нысаналы индикатордың ішінде орта білім деңгейі бойынша - 7-уіне орындалды,

«Бейімделген мектептер санын қысқарту және оқушы орындарының болжамды тапшылығы проблемасын шешу» тармағы орындалмады (авариялық мектептердің орнына 2 мектептің құрылысын аяқтау мерзімі, қосымша ғимараттар мен спорт залдарының құрылысы 2024 жылға ауыстырылды),

«Менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарында 236 орта білім беру мекемелерінің басшылары мен 456 орынбасарларын оқыту» тармағы ішінара орындалды (2023 жылы 25 директор, 35 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 40 директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары оқудан өтті),

Бала құқықтарын қорғау бойынша 2023 жылға жоспарланған 20 нысаналы индикатордың 9-ы орындалды,

«Барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету» тармағы ішінара орындалды (2023 жылы 20 орта білім беру ұйымының бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылмаған),

«Патронаттық тәрбиені дамыту» тармағы ішінара орындалды (қорғаншылық және қамқоршылық органдары 40 баланы патронаттық отбасыларға беру туралы шарт жасасты, Жол картасына сәйкес 2023 жылы 275 баланы орналастыру жоспарланған, бұл 14,5% құрайды);

«Көрсеткіштердің төмендеуі» тармағы ішінара орындалды (2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда аяқталған суицидтердің 5-тен 6 фактіге дейін өсуі байқалады);

Жол картасының келесі 8 тармағы бойынша орындалу мерзімі 2023 жылға жоспарланған, алайда жыл қорытындысы бойынша «Бала құқықтарын қорғау» бағыты бойынша орындалу туралы мәліметтер ұсынылмаған:

«Балаларға арналған әл-ауқат және бюджет индексі» (нысаналы индикатор-55,5 балл),

«Жетім балаларды-балалар үйінің түлектерін тұрғын үймен қамтамасыз ету» (нысаналы индикатор – 20%),

«Мектептің психологиялық қызметінің тиімді жұмыс істеуі үшін жағдай жасау» (нысаналы индикатор-25%),

«Білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, педагогтарды, психологиялық-педагогикалық ағарту ісімен қамту»,

«Ата-аналардың оқу-тәрбие процесіне қатысу деңгейін және ата-аналар жиналыстарына қатысу белсенділігін арттыру»,

«Білім беру мекемелері жанынан ата-аналар академиясын құру»,

«Балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін орындарға мониторинг жүргізу»,

«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті шаралар қабылдау».

Осылайша, жоғарыда аталған 8 тармақ бойынша «Бала құқықтарын қорғау» бағыты бойынша нысаналы индикаторлар орындалмады.

Жол картасының келесі 4 тармағы бойынша орындалу мерзімі 2023 жылға жоспарланған, алайда жыл қорытындысы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» бағыты бойынша орындалу туралы мәліметтер ұсынылмаған:

«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» білім беру мекемелері арасында бейнероликтер байқауы,

«Саналы ұрпақ» жобасы аясында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған іс-шаралар өткізу,

«Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік мекемелердегі басшылар мен бухгалтерлерді жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша біліктілікті арттыру курстарында оқыту»,

«Мекеме бюджетінен бөлінген қаражатты жұмсау мәселелері бойынша білім беру мекемелері басшыларының педагогтермен және ата-аналар ұжымымен есептік кездесулерін өткізу».

Осылайша, жоғарыда аталған 4 тармақ бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» бағыты бойынша нысаналы индикаторлар орындалған жоқ.

Жыл қорытындысы бойынша 2023 жылға жоспарланған білім беру сапасын бағалау, инклюзивті білім беру, қосымша білім беру, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру деңгейі бойынша нысаналы индикаторлар орындалды.

Дата публикации
05 января 2024