
Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Е. Таишев 2024 жылғы 6 қарашада азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда болған Атырау қаласының тұрғыны Г.А. Есенгалиева 2024 жылдың қазан айында Колледжден оқудан шығарып алған баласын мектептерге оқуға орналастыра алмай жүргенін айтып көмек сұрап келген болатын. Г.А. Есенгалиева ағымдағы жылдың 1 қарашасы күні аталған мәселе бойынша Департаментке өтінішпен жүгінді.
Департаменттің жауапты мамандары Колледждің және Г.А. Есенгалиеваның ұлының бұрын оқыған мектеп әкімшілігімен байланыс орнатып, Колледж тарапынан тиісті құжаттары жасақталып, баласы мектепке оқуға орналасты.
Қазіргі таңда аталған оқушы Мектепте қалыпты білімін жалғастыруда.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-бабының 1-тармағына сәйкес, азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті екенін ескеру қажет.