МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫМЕН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫМЕН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Департамент басшысының 2023 жылғы 10 қарашадағы №271-нқ бұйрығымен бекітілген «2024 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға  жататын  білім беру  ұйымдарының тізбесі» негізінде 2024 жылға алғашқы аттестаттау 15-19 қаңтар аралығында алты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жүргізілді.  

         Аттестаттау жұмыстары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес зерделенді.

         Өз кезегінде, Департамент басшысының бұйрығымен құрылған комиссия мүшелері білім беру ұйымдарына шығарылған мемлекеттік аттестаттау қорытындысын ZOOM қосымшасы арқылы талқылап, көрсетілген кемшіліктер мен оны қалпына келтіру туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмектер көрсетілді.

         Нәтижесімен, үш білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтіп, қорытындысы білім бер ұйымдарының электронды пошталарына жолданды.

         2024 жылға бекітілген жоспар бойынша облыс көлеміндегі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жұмыстары жалғасуда.