
2024 жылғы 16 қаңтар күні Департаменттің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы М.Кәрім ZOOM бейне байланысы арқылы ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік аттесаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының басшылары мен әдіскерлеріне өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментімен 2024 жылдың ақпан айында мемлекеттік аттестаттаудан
12 мемлекеттік, 6 жеке меншік мектепке дейінгі білім беру ұйымын өткізу жоспарлануда.
Бөлім басшысы М.Кәрім мемлекеттік аттестаттау барысында көп кездесетін кемшіліктерге тоқталып, аталған кемшіліктерді қалпына келтіру туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, білім беру ұйымдарынан қойылған сұрақтар кеңінен талқыланды.
Өз кезегінде, мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарымен түсіндірме жұмыстары жоспарлы жүргізіліп отыратын болады.