МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫМЕН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Департаментпен 2023 жылдың 18-22 қыркүйек аралығында жоспарға сәйкес үш білім беру үйымының құжаттарына қашықтықтан мемлекеттік аттесттау жұмыстары жүргізілді.
Аттестаттау жұмыстары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес зерделенді.
Өз кезегінде, Департамент басшысының бұйрығымен құрылған комиссия мүшелері білім беру ұйымдарына шығарылған мемлекеттік аттестаттау қорытындысын ZOOM қосымшасы арқылы Мектеп әкімшілігімен талқылап, көрсетілген кемшіліктер мен оны қалыпқа келтіру туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмектер көрсетілді.
2023 жылға бекітілген жоспар бойынша облыс көлеміндегі білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жұмыстары жалғасуда.