ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ӨҢІРДЕГІ ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕПТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ӨҢІРДЕГІ ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕПТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

 Департаменттің ұйымдастыруымен Д.Қонаев атындағы БИНОМ

ЖШС-гі мектебінде Атырау облысы көлеміндегі 21 жеке меншік мектептің директорларымен кездесу өткізілді.

Кездесуге Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы Е.Т.Сламбеков, Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары М.М.Хамзин, Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция тобының ЕТЖ аға инспекторы полиция подполковнигі О.Ж.Кушкалиева, Атырау облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры А.М.Махметова жеке меншік мектептің директорлары мен Департамент қызметкерлері қатысты.

Өз кезегінде, Департамент басшысы Б.Е.Таишев жеке меншік білім беру ұйымын ашу үшін рұқсат беру құжаттарына қойылатын талаптар, онда білім алатын оқушылардың қауіпсіздігі, педагогтердің сапалық құрамы, мемлекеттік аттестаттаудан өту тәртібі туралы түсінік берді.

Сондай-ақ, Білім беру басқармасының басшысы Е.Т.Сламбеков өңірде жеке меншік мектептердің санының артуы қуантарлық жағдай екенін, үш ауысымды мектептердің санының қысқаруына, білім сапасының жақсаруына мол мүмкіндік болатынын және Басқарма тарапынан жеке меншік білім беру ұйымдарына әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қалалық полиция басқармасы өкілдері өз салалары бойынша Білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды түсіндіріп, мектеп директорларының сұрақтарына жауап берді.

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында Департамент тарапынан алдағы уақытта да жүйелі жұмыстар ұйымдастырылатын болады.