«Сарапшылар марапатталды»

«Сарапшылар марапатталды»

Департаментпен бекітілген 2023 жылғы мемлекеттік аттестаттауға  жататын білім беру ұйымдарының тізіміне сәйкес облыстың білім беру ұйымдарында мемлекеттік  аттестаттау жұмыстары жалғасуда.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша мемлекеттік аттестаттаудан өтетін 35 балабақша болса, бүгінгі күнге 11 балабақшаның құжаттары қаралып комиссия қорытындысымен 6 балабақша аттестаттаудан өтіп, 5 балабақша аттестатталмады.

Мемлекеттік аттестаттау барысында «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» бір топ сарапшыларымыз Комитет төрағасы Е.Дауеновтың «Алғыс хатымен» марапатталды.