Педагогикалық әдептің сақталуы назарда

Педагогикалық әдептің сақталуы назарда

Атырау облысының білім беру ұйымдары педагогтерінің құқықтарын қорғау және педагогтік әдеп мәселелері жөніндегі

консультативтік-кеңесші орган - Кеңестің кезекті отырысы а.ж. 19 мамыры күні өткізілді.

Кеңестің күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе:

"Атырау облысы білім беру басқармасының Жылыой ауданы білім бөлімінің «№6 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-де мемлекеттік аттестаттау аясында өткізілген тестілеу кезінде орын алған бұзушылықтар туралы".

Осы мектепте а.ж. 25-сәуірі күні 9-сынып оқушыларының тестілеу кезінде келмей қалған оқушының орнына 11-сыныптың оқушысы кіріп, тапсырмаларды орындаған және кабинеттен шығып бара жатқан кезде комиссиия мүшелері оны тоқтатып, құжаттарын тексерген сәтте анықталған. Сол кабинетте отырған 9-сынып оқушылары бұл оқушының өзге сыныптан, яғни 11-сыныптан екенін байқап қалып, Департамент өкілі Ж.Б.Конкаеваға ескерткен. Осылайша, академиялық адалдық принципі өрескел бұзылып, осы оқиғаға мектеп мұғалімдерінің қатысы болғаны анықталып отыр.

Кеңес мүшелері тестілеуге бақылаушы ретінде қатысқан Департаменттің бас маманы Ж.Б.Конкаеваның және мектеп директоры мен сынып жетекшісінің түсініктемелерін тыңдай келе, келесі ұ с ы н ы м д ы қабылдады:

  1. Атырау облысы білім беру басқармасына:

1) Жылыой ауданы білім бөлімінің «№6 жалпы орта білім беретін мектебі директорына, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына және 9г сыныбы жетекшісіне ҚР «Еңбек Кодексіне» және ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңына сәйкес тәртіптік шаралар алу қаралсын;

2) орын алған бұзушылықты білім ұйымдарында талқылап, академиялық адалдық қағидаттарын жаппай түсіндіру және насихаттау бағытындағы жұмыстардың тиімділігі арттырылсын;

  1. Жылыой ауданы білім бөлімі аудандағы барлық білім беру ұйымдарында академиялық адалдық қағидаттарын түсіндіру және енгізу мақсатында арнайы оқыту семинарын өткізуді ұйымдастырсын.

Кеңес мүшелері тарапынан біршама пікірлер мен ұсыныстар айтылды, мұндай фактілерді келешекте болдырмау үшін нақты шаралар қабылдау қажеттілігі туралы мектеп директорына ескертілді.