«ДЕПАРТАМЕНТТІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

«ДЕПАРТАМЕНТТІҢ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

Ағымдағы жылдың 18 мамыры күні сағат 10.30-да "Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде" Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің ұйымдастыруымен «Ашық есік күні» өткізілді.

Шараға Департамент ұжымы толық құрамда, Атырау облысы білім беру басқармасының бас маманы Г.Ж.Гильманова, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Р.А.Қанатбаева, колледж педагогтері мен студенттері қатысты.

Департамент басшысы Қаныбек Жұмашев мемлекеттік органның негізгі функциялары және 2023 жылдың 1-тоқсанында атқарылған қызметі туралы ақпарат берді. Содан кейін қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды, сұрақтарға жауаптар берілді.

Жалпы кездесу тиімді және мазмұнды өтті. Департамент ұжымы Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі басшылығына және ұжымына ризашылығын білдіреді.

***********************************************