Маслихат депутатарымен кездесу

Маслихат депутатарымен кездесу

Бүгін 11 мамыр күні сағат 10.00де Атырау қалалық маслихаты тұрақты комиссиялары отырысында Департамент басшысы Қ.Жұмашев "Атырау облысы орта білім сапасының жайы және оны арттыру жолдары" тақырыбында баяндама жасады.

Күн тәртібіндегі мәселенің қала депутаттарын толғантып отырғаны да түсінікті, себебі облыс оқушыларының 57% осы Атырау қаласында оқиды және қаланың 11 мектебі үш ауысыммен оқып отыр. Әлбетте, бұл қиындықтар білім сапасына әсер етпей қоймайды.

Баяндама аяқталғаннан кейін депутаттар тарапынан оннан астам сұрақтар қойылды, пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Жалпы ашық, мазмұнды және қажетті талқылау болды деп ойлаймыз.

Сонымен қатар, Департамент жұмысының негізгі бағыттары туралы да депутаттарға ақпарат берілді.

Атырау қалалық маслихатына Департамент өз алғысын білдірді.                       

*****************************************************